04-09-2021
35.3 C
Шымкент

Төсбелгі табыс етілді

Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толып отыр. Айтулы датаға орай Оңтүстік Қазақстан облысында түрлі іс шаралар ұйымдастырылып, кең көлемде аталып өтілуде. Күні кеше Шымкент гарнизонының басшысы Асхат Абдуваитов Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевқа «Қазақстан Республикасы Қарулы  Күштерінің құрылғанына 25 жыл» мерейтойлық төсбелгісін табыс етті.  Дәл осындай марапатқа Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев, Аумақтық қорғаныс бригадасының командирі, запастағы полковник Мұрат Мақатов ие болды.  Сондай-ақ облыс әкімі аппараты аумақтық қорғаныс бөлімінің бастығы, запастағы подполковник Қайрат Бекбауов, аумақтық қорғаныс бригадасы штабының бастығы, запастағы подполковник Мұхтар Қаратаев  Қорғаныс министрінің граматасымен марапатталды. Мараптқа ие болғандардың қай қайсысы да елге еткен еңбегі орасан. Қай салада болмасын еңбектің жүгін қара нардай көтеріп, қайыспай қызмет етіп келеді. Отанымыздың басты қорғаны Қарулы күштер саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың облыс әкіміне жасаған тартуы көптің көңілінен шықты. Марапат лайықты иесін тапты дейді күнгейліктер.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР