test
10-07-2024
34.3 C
Шымкент

Сайрамдық өнімге сұраныс көп

Отандық өндірістің өрісін кеңейтіп келе жатқан кәсіпорынның бірі – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Cайрам ауданы Қарасу ауылында орналасқан «Алма» шұжық дайындау цехы. 10 жылдан бері өнім шығарып келеді. Облыс орталығы мен көрші өңірдің тұтынушыларын шұжықтың 45 түрімен қамтамасыз етіп отыр. Бірнеше ұлттың өкілдері тұрақты еңбек етіп келе жатқан кәсіпорынның тыныс- тіршілігі «Қазақстанда жасалған».  Бұл таңба үлкен жауапкершілік жүктейді. Кәсіпорын шикізат дайындау, өнім өндіру, тіпті, оны тұтынушыға жеткізу қызметіне де жауапты. Ағалы Насипов төрт жылдан бері шұжық цехында бас технолог болып жұмыс істейді. Білікті маман өнім сапасына жіті мән береді. Кәсіпорынның өз бордақылау алаңы, мал сою цехы бар. Сондықтан ет өнімдерін дайындау процесі бастан-аяқ жіті бақылауда. Ағалы Насипов — Бас технолог «Кәсіпорынның  куаттылығы айына 30 тонна ет өндіруге жетеді. Өнім дәмді әрі сапалы болу үшін қоспаларды арнайы зертхана қызметкерлері күнделікті тексеріп отырады. Істің көзін тапқан кәсіпкер сұранысқа қарай өнім көлемін ұлғайтып, солтүстік аймақты да қамтуды көздейді». Ақылбек Шалқаров — «Алма»  шұжық цехының басшысы «Шағын кәсіпорынның еңсе тіктеуіне мемлекеттік бағдарламаның шарапаты тиді. Жеңілдетілген несие алған кәсіпкер бүгінде қарызынан  толығымен құтылған. Цех жанынан жаңа ғимараттың іргетасын қалап, өндіріс аумағын кеңейтпекші» .

ГҮЛЖАУҺАР Ахметқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР