test
05-07-2024
28.3 C
Шымкент

Кентаулық сүт цехы ішкі сұранысты қамтып отыр

Ерінбей еңбек еткендер мемлекет қамқорлығынан тыс қалмайды. Оған дәлел – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қаласындағы жас кәсіпкердің көркейген ісі. Ахмет Өтепбаев осыдан бір жыл бұрын шағын шаһардан сүт цехын ашқан. Қазір «Жеті жарғының» 9 түрлі ағарғанына жергілікті тұрғындардан сұраныс мықты. Кәсіпорын «Максимум» қаржы инстутутынан қолдау тауып, жалпы құны 25 млн. теңге несие алды. 300-ге жуық сауын сиыр ұстайды. Одан 1000 тонна сүт өнімін өндіреді. Ешбір қоспасыз пастерленген сүт, айран, қаймақ, сүзбе сынды табиғи құнары мол өнімдер көпшілік сұранысына ие. Ахмет Өтепбаев, кәсіпкер; «Цехымыз күннен күнге үлкейіп, ұлғайып жатыр. Продукцияларымызды 1000 шақты литрге дейін өңдеп шығарып жатырмыз. Қазіргі болашақтағы мақсатымыз — өнімді 2 мың литрге дейін жеткізу болып жатыр». Кәсіп аясында 20 адам жұмыспен қамтылды. Олар — өз ісінің білгірлері. Әрбір өнімнің құрамын жіті бақылайды. Сапасына жауап береді. Азиз Хакеев, технолог:  «Ешқандай қоспасы жоқ. Бәрі — табиғи сүт. Барлық сүтті фермерден әкеледі. Сол процесіміз пастезирует 94-96 градусқа баклашкаларға құямыз». Еске сала кетсек, Кеңес өкіметі кезінде кенді шаһарда үлкен сүт цехы жұмыс істеген. Сол күндерді сағынышпен еске алатын үлкендер жастардың тоқыраған істі қайта қолға алып, ел әлеуетін нықтауға ат салысып жатқандарына разы.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР