07-09-2021
27.3 C
Шымкент

Кәсіподақ ұйымдары — халық қызметшісі

Кәсіподақ қызметінің нысаны-өз мүшелерінінің еңбек, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және қорғау.Қазіргі күні кәсіптік одақтар қызметкерлер өмірінде үлкен рөл атқарады. Кәсіптік одақтар қызметкерлер құқықтары мен мүдделерін сақтауға ерекше кепілдердің бірі болды және болып табылады. Түрлі деңгейдегі кәсіптік одақтар еңбек және әлеуметтік қатынастармен байланысты, түрлі салалардағы олардың ұсынуы мен қорғауын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің мүдделерін қалыптастырады және тұжырымдайды. «Мәңгілік ел» болуға ниетті Отанымыздың еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықтың сақталуына және серпіліс беретін, қандай ұйым болса да алға қойған мақсаты, айқын міндеті, әсіресе жұрт қызметшісі саналатын кәсіподақ ұйымдары, тәуелсіздік тұғырын биіктетіп, мемлекет мерейін асыру, татулықтың тағылымын таныту. Кәсіподақ күнімен ОҚО Созақ ауданының әкімі Полатов Салыхан Сабырұлы құттықтап, бірқатар азаматтарды марапаттады. Оған  Сатыбалды Жанұзақов Қуандықұлы-Жуантөбе ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы, Кенжебай Шал-Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясының халық әндері мен терме үйірмесінің жетекшісі, Тиындықова Дамира Кеңесбекқызы- аудандық мұрағатты бастауыш ұйымының төрайымы, Төлеуов Нүркен Асанұлы-Құмкент ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы, Мадина Қалымбетова Маханқызы-  аудандық аурухананың бас медбикесі, Тұрсынбайтегі Ерлан Болатұлы-  аудандық емхананың экономисті ие болды. Сондай-ақ аудандық мәслихаттың Алғыс хатына бірқатар азаматтар ие болды. Оны аудандық мәслихаттың хатшысы Байғараев Бегімбет Бейімбетұлы тапсырды. Мерекелік шараны аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әнмен әспеттеді.

С.САЙЛАУБЕКҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР