test
11-07-2024
27.3 C
Шымкент

Жаңа форматтағы – Ұлттық бірыңғай тестілеу

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау — тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім. Орта білім беруде білім алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында жүзеге асырылады. Мектеп бітірушілердің мемлекеттік емтихандары 2017 жылғы 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтуде.Ұлттық бірыңғай тестілеу — жоғары оқу орнына түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі ретінде қалады.Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға аудан мектептеріндегі 681 мектеп бітірушінің 561-і қазақ тілінде, 9-ы орыс тілінде, жалпы 570 (84%) мектеп бітіруші өтініш білдірді.Ұлттық бірыңғай тестілеу ОҚО Созақ ауданындағы Шолаққорған жалпы орта мектебінің базасында орналасқан №95 ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктінде 2017 жылғы 20 маусым және 22 маусым күндері өтетін болады.ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша ҰБТӨП-де мемлекеттік комиссия құрылған. Комиссия құрамына министрлік тарапынан жергілікті атқарушы органдар мен әкімдік өкілдері енгізілген. Мемлекеттік комиссияның негізгі міндеттері ауданның бітірушілері үшін ҰБТ-ны дайындау мен өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру болып табылады.Қазіргі таңда аудан мектеп бітірушілерін ҰБТ-ге жүйелі дайындау мақсатында арнайы іс-шаралар жоспарлары жасалып, жұмыстар жүргізілуде. ҰБТ тапсыратын 570 мектеп бітірушінің 382-і тасымалданса, 167 мектеп бітіруші 2 мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі. Аудан орталығынан 50 шақырымнан астам орналасқан ауылдардағы 215 мектеп бітіруші түлектер 1 күн бұрын тасымалданып, Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп-интернат лицейіндежатын орынмен және тамақпен қамтамасыз етілетін боладыАудан мектептерін бітіретін 273 оқушы 1 лекте 20 маусым күні, 297 мектеп бітіруші2 лекте 22 маусым күні ҰБТ тапсырады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР