test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

«Өрлеу» жобасын түсіндіру үшін оқыту семинары өтті

Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік көмекті жандандыру негізінде осы уақытқа дейін көрсетіліп келе жатқан үш әлеуметтік көмек түрі қысқартылып жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілетін болады.Сонымен қатар, әйелдердің зейнеткерлік жасының ұлғаюы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі де халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді талап етеді.Аталған жаңа өзгерістер жөнінде халық арасында әлеуметтік шиеленісті болдырмау, әлеуметтік көмектің жаңа форматына «ауыртпалықсыз» өту үшін облыстың барлық аудан, қалаларда арнайы құрылған облыстық топ тарапынан бүгін оқыту-семинар ұйымдастырылып отыр.Осы мақсатта оқыту-семинарды өткізу үшін ОҚО Созақ ауданына облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының Полатов Сатжан Мұқтарұлы жұмысшы топты бастап келіп отыр.Семинардың мақсаты жаңадан қабылданған «Өрлеу» жобасы, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша ауыл округ әкімдері мен халықты жұмыспен қамту орталығы мамандарына меңгерту, кәсіби біліктіліктерін жоғарылату болмақ. Сонымен қатар, әйелдердің зейнеткерлік жасының ұлғаюы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі де халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді талап етеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР