18-04-2024
14.3 C
Шымкент

Семинар ұйымдастырылды

23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам ауданындағы  семинар Қарабұлақ ауылдық округінде өткізілді. Аталған семинар кеңеске қатысқан Сайрам ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Ғани Айтқұлов қасиетті ораза айы және мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтады. Сондай-ақ, өз сөзінде мемлекеттік қызметтегі әрбір адам жұмысының барлық мән-маңызын сезіне отыра, өз ісіне адал болуға тиісті екендігін атап өтті. Семинар-кеңесте «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қымыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп Кодексі» талаптары негізінде өзара пікір алмасу ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызметкерлер орын алатын әрбір жағдайда қалай әрекет ету жөнінде тағы да басқа сауалдарына тұщымды жауаптарын алды. Белсене қатысқан мемлекеттік қызметшілерге әкімдіктің атынан номинация бойынша алғыс хат беріліп, сый сияпаттар жасалынды. Жиынға қатысушылар алдағы уақытта мұндай семинарлар көптеп ұйымдастырылса деген тілектерін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР