test
14-07-2024
30.3 C
Шымкент

Рухани жаңғыруға бетбұрыс

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын және ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық сананы жаңғырту жобаларын іске асыруды аудан тұрғындарына насихаттау мақсатында Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Оразалиев Мадияр Мұхтарұлының төрағалығымен кездесу өткізілді. Аталған кездесуге арнайы қатысқан Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Қалмұратов Мұратәлі Оразалыұлы, Қазақстан өзбектерінің «Дустлик» қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының төрағасы Хашимжанов Икрам Акрамұлы, қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қабылбеков Аманкелді өз ойларымен бөлісті.Елбасымыздың сөзімен кездесуді қорытындылаған Мадияр Оразалиев «Өмір сүре білу үшін өзгере білу керек, өзгере білмеген халықтар, тарихтың шаң-тозаңында қалады»,- деді.Сол себепті бұл тек бүгінімізге ғана шолу жасаған мақала емес. Онда болашағы жарқын Мәңгілік Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілген деп білеміз. ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық сананы жаңғырту жобаларын іске асырудағы алдына қойған міндеттері бойынша ой бөлісті. Аудан әкімінің орынбасары Мадияр Мұхтарұлының төрағалымен өткен кездесуге аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы мен мүшелері, қоғамдық келісім кеңесі жанындағы аналар кеңесінің төрайымы, ардагерлер кеңесінің төрағасы мен мүшелері, аудандық «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымының мүшелері, дербес бөлім басшылары, аудандық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен төрайымдары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, мектеп директорлары мен олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, жастар, имамдар, БАҚ өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР