03-09-2021
32.3 C
Шымкент

63 сержант сертификат алды

Кәсіби мерекеге орай ОҚО дағы Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығы да салтанатты шара ұйымдастырды. Онда өз ісінің мақтанышы болған мамандар марапатталып, орталықта білімін жетілдірген 63 тыңдаушы арнайы сертификат иеленді. Салтанатты шара Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.Қазақтың хас батыры рухына тағзым етілген соң көк туымыз көкке көтеріліп, айбынды Әнұранымыз асқақтады.Негізгі шарада бір ай бойы білімін шыңдағандар салтанатты түрде сап түзеді. Оларға оқу орнында білім алғанын растайтын арнайы сертификат берілді. Енді бұл құрам осы құжат арқылы еліміздің ішкі істер құрамында жұмыс істей алады.Ұласбек Сәдібеков – Облыс әкімінің орынбасары «Бүгінгі күн ардагерлерді, жұмыс істеп жүрген офицерлерді марапаттайтын күн. Осы күн еңбек етіп жүріп елдің тыныштығы қамтамасыз етіп жүріп бейбіт өмірде қаза болған азаматтарымызды еске алатын күн». Сондай-ақ, салтанатты жиын кезінде аға буын өз білгендерімен бөлісті. Жас сержанттарға табыс тіледі. Жеңісбай Сұлтанов – Оқу орталығының ардагері, милиция генерал – майоры «Қазір патриотизм деген не?, — деп, сұрақ қойсаң, көп адам айта алмай, «Соғыс кезінде пайда болатын шығар?!», — деп ойлайды. Шын Отанын сүйген адам дүниеге сатылмайды. Сондықтан алдарыңда қиын да қызық жұмыс күтіп тұр. Сол жұмыстарыңа табыс тілеймін». Түркістандық Шамшат — бүгін қолына сертификат алған 63 сарбаздың бірі. Ол болашақта қылмысты ашу ісімен айналысуды армандайды. Ал, оған полиция қызметкері болу ниеті әкесінен дарыған. Осылайша, мереке қарсаңында полиция құрамына жас мамандар жолдама алып, аға буын алғыс арқалады. Осы орайда оқу орталығының бастығы министрлік тағайындаған алғысқа қол жеткізсе, облыс әкімінің осы саланы үйлестіретін орынбасары «Қазақ полициясының құрылғанына — 25 жыл» мерекелік медалін иемденді.

СЕРҒАЛИ  Жарылқасын

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР