test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Қазығұрт тауына саяхаттады

Жыл бойы білім алып, оқу жылын үздік аяқтаған қазығұрттық оқушылар саяхатқа шықты. Аудандық білім бөлімінің «Жас туристер станциясы» озаттардың Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт тауына экскурсиясын ұйымдастырды. Ақбура кесенесін аралап, «Туған жер» бағдарламасы төңірегінде танымын кеңейтуге мүмкіндік жасады. Аудандық «Шапағат» лагерінде жыл сайын 500-ге тарта оқушы дем алады. Дені — тұрмысы төмен және көпбалалы отбасынан шыққан балғындар. Мұнда шәкірттер ақыл-ойын дамытатын түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Мұндай экскурсиялық саяхатқа оқу жылы басынан бері  824 оқушы барған. Ондағы мақсат – балалардың туристік ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру, туған жер ғажаптарын тамашалау арқылы  патриоттық сезімді нығайту, сондай-ақ, елдегі елеулі бағдарламаларды насихаттау.  «Өз елім – өзегім» деп, жанға жақын табиғатын жоғары бағалағандар  оқу жылын ерекше қарқынмен бастауға ниетті. Кемел келешек кепілі — ұлтжанды ұрпақ. Саяхат шәкірттерді елін сүюге, Отанға қалтқысыз қызмет етуге үндейді. Алдағы уақытта да мұндай шаралар көптеп ұйымдастырылмақ. Бұған әсіресе балалар қуанулы.

ДИДАР Өмірзақова    

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР