Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Ордабасы ауданы әкімдігінің кезекті аппарат мәжілісі өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге орай сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ғ.Үсенбаев жетекшілік ететін салалары бойынша атқарылған жұмыс барысын саралай келе, түйткілді мәселелер жайын қозғады. Әсіресе, қаржының игерілуі өзекті екенін атап өтті. Осы ретте, тиісті шараларды қабылдау үшін аудан басшысына ұсыныстарын жеткізді. Аудан әкімінің орынбасары Б.Омарбеков облыс, аудан әкімдерінің ауылшаруашылық саласына қатысты тапсырмаларының орындалуы жөнінде сөз қозғады. Ал, Бадам ауыл округінің әкімі М.Қонысов есепті баяндамасында инвестиция тарту мен ауылшаруашылық, үйіргелік жерлерді түгендеуге қатысты тындырылған тірлік барысын тілге тиек етті.
бұған дейін ауданда қаржыны игеру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келген. Биылғы жылы да нақтыланған жоспар бойынша жұмыстар атқарылмақ. Аудан әкімі А.Мамытбеков: «Сіздерден нақты нәтиже күтемін. Бітпейтін іске сылтау көп. Сондықтан, мүмкіндігінше барлық мәселенің шешу жолын қарастырыңыздар» дей келе, тиісті бөлім басшыларынан тапсырманы мерзімінен кешіктірмей орындауға жұмыс жасауды тапсырды. Аталған мәселелердің барлығы қадағалауда екені де ескертілді.