14-04-2022
16.3 C
Шымкент

Іргелі өндіріс орны

«ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық атом компаниясына қарасты кәсіпорындар бүгінде жаңа технологияларды игеріп, уран өндіру ісін ілгері бастап келеді. Өздеріңізге белгілі, Қазақстанда өндірілетін уранның шамамен 60 пайызы ОҚО Созақ  ауданында өндіріледі. Осы бір табиғи кен түрінің пайдасы еліміз үшін қазіргі өте жоғары болып отыр. Соның ішінде, аудан үшін де мол пайдасы тиюде. Яғни, уран өндірісі ауданымызда белең ала бастаған уақыттан бері аудан экономикасы әлдеқайда артып, облыс көлемінде көш бастап тұр. Қазіргі таңда өндіріс саласы ауданымызда қарқынды дамығанын білеміз. Жергілікті тұрғындар осы салада қызмет етіп, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын біршама көтеріп алғаны да белгілі. Өндіріс басшыларының айтуынша барлық өндіріс орындарындағы жұмысшылардың 95-98 пайызы Созақ ауданының тұрғындары. «Орталық Мыңқұдық», «Аппақ», «Ақдала» кеніштерінің вахталық ауылдары мүлдем басқаша болып шықты. Адамның жұмыстан кейінгі демалуына арналған қажетті нәрселердің барлығы бар қазіргі заманғы кешенді көрдік. Кешеннің ішінде спорт залы, жатын бөлмелері, жүзу бассейні, жуынатын бөлмелері, ғаламтор желісі, теледидар көру залы, жалпы бір сөзбен айтқанда барлық жағдай жасалған екен. Зауыт пен вахталық ауылдардың арасына бекітілген кестеге сәйкес автобус жүріп отырады. Олар жұмысшыларды жұмысына апарады және алып келеді. Өндіріс орыны қызметкерлерінің жұмыс ауысымы міндетті түрде медициналық тексеруден басталады. Жұмысшылардың қан қысымы, дене қызымы өлшенеді және алкогольдік тексеруден өткізіледі. Дәрігердің айтуынша, нысанда ішімдік ішуге қатаң тиым салынған және осыған орай осы уақытқа дейін алкогольдік тексеруден өтпей қалған жұмысшы болмаған екен. Медициналық тексеруден кейін кеніш асханасында таңғы ас ұсынылады.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР