ОҚО Созақ ауданында уран өндіру толығымен автоматтандырылған. Операторлық бөлмеден нысанда болып жатқан барлық процессті бақылап отыруға болады. Барлық кәсіпорындарда уран өндіру жерасты ұңғылық сілтісіздендіру тәсілі арқылы жүзеге асырылады. Бұл тәсіл экологиялық таза болып саналады. Кен орнындағы радиациялық жағдай үлкен қалалардағы радиациялық жағдайдан ешқандай айырмашылығы жоқ.Жерасты сілтісіздендіру тәсілінің принциптері келесідей: жер астындағы уран қабаттарына 2 пайыздық күкірт қышқылы ерітіндісі жіберіледі, жыныстармен араласқан аталмыш ерітінді уранды ерітеді. Кейіннен ғана уранмен байытылған ерітіндіні сыртқа сорып алады. Әр ұңғымада сорғыны басқару тұстамасы орнатылған.Ұңғылар полигонының аймағында орналасқан үйшіктерде (вагондар) ерітіндіні бөлу түйіні қызмет атқарады. Қызметкерлерге қатты ыстықтан сақтайтын көзәйнек пен қалпақ беріледі. Ұңғыманың құбырлары арқылы күкірт қышқылы жіберіледі. Жер астынан уран алу ұңғымалары да дәл осындай болып келеді. Содан кейін ерітінді қосылған уран өнімді ерітіндіні қайта өңдеу цехына жіберіледі (сорбции-регенерация кезеңі).Жер астына жіберілген сорғыларға жөндеудің де керегі жоқ, олар 30 мың жұмыс сағатына арналған. Бірақ міндетті түрде үнемі тексеріп тұру керек және қажет болған жайғдайда жұмыс доңғалақтары ауыстырылып тұрады.Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін міндетті түрде қызметкерлердің сәулелену мөлшері тексеріледі. Кешкі астан кейін көптеген жұмысшылар үстел үстіндегі тенниспен айналысады. Өндіріс кәсіпорындарындағы вахталық ауылдар сыртынан қарасаң шөл даладағы алқап ретінде көрінеді екен. уран өндіру саласының еліміз, оның ішінде ауданымыз үшін үлкен пайдасы тиіп жатқандығын көзімізбен көріп қайттық. Жалақысын уақытылы алып, жоғарыда айтылған жағдайда жұмыс жасап жатқан жұмысшылардың қай-қайсы болмасын, басшылықтарына ризашылықтарын білдіріп отырады. Осы сала арқылы аудан экономикасы да қарыштап дами беретіндігіне сеніміміз мол.
Нұрсұлтан Қанатұлы