test
14-07-2024
27.3 C
Шымкент

Қоғамдық тыңдау

“Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ” деп аталатын осы магистральды газ құбыры Қазақстанға, оның iшiнде Оңтүстiк Қазақстан үшiн үлкен бiр игi iстiң бастауы болғалы тұр.Сол арқылы осы өңiрдiң көптеген ауылдары газбен қамтамасыз етiлмек. Қазіргі таңда Бәйдібек ауданында жүріп жатқан «Бейнеу-Шымкент» магистральдық газ құбырының 1365 шақырымында «Шалдар» автоматты газ тарату стансасының құрылысы ағымдағы жылда аяқталса, одан соң ОҚО Созақ ауданына заман талабына сай жердің астымен тартылатын болды. Қолжетпестей болып көрініп, талайдың ойында жүрген көгілдір отынның да ауылы алыста емес-ау деген ой түйдік жақында. Оған себеп, аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Созақ Ойл and Газ» ЖШС қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен қоғамдық тыңдау болды. Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасары Б.Әлмағанбет, «Созақ Ойл and Газ» ЖШС-нің эколог-менеджері Ғ.Ақшабаев және сол серіктестіктің эколог мамандары, ауданның қариялары, құрметті азаматтары, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысып отырды.Жиынды аудан әкімінің орынбасары Б.Әлмағанбет ашып, жүргізіп отырды. Серіктестік қызметкерлерінің ауданымызға келгендегі басты мақсаттары халқымыздың назарына «Оңтүстік Придорожная» және «Аса» негізгі бұрғылау стансаларындағы көгілдір отынның қорын іздестіру жұмыстарының жүргізіліп жатқандығымен, алдағы уақытта жерімізге тартылғалы отырған көгілдір отынның құжат түріндегі жоспарымен таныстыру және жергілікті тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау болды. Олар өздерінің тарапынан жиынға қатысушыларға арнайы дайындалған баяндамаларын жасап, бірқатар түсініктемелер берді.

Нұрсұлтан Қанатұлы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР