05-09-2021
31.3 C
Шымкент

Жылыжайдан өнім мол

Аграрлы өңір саналатын Оңтүстік Қазақстан облысы бүгінде жылыжайлардың отаны деп атау да артықтық етпейді. Соңғы әлетте ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Жыд сайын аталған салаға миллиардтаған қаражат бағытталып келеді. Қыруар қаржының қайтарымы да мол. Күзге салым шаруалар мен диқандар мол өнім алып, шыққан шығынды еселеп қайтарады.  Жыл жылжыған сайын егіс көлемін ұлғайып, иесіз жерлер игеріліп, заманауи технологиямен тамшылатып суғару әдісі кеңінен енгізіліп, жылыжай және қарқынды бау құрылыстары, мал басын асылдандыру жұмыстары қарқынды дамып келеді. Қай жылы болмасын ауыл шаруашылығы саласы өнімділігімен есте қалардай. Былтырғы күзгі жиын терім есеп қисабынан белгілі болғаны жалпы өнім көлемі 123 млрд. теңгені құрап, 2 пайызға артқан. Дәндік жүгеріден 108,4 мың тонна, көкөністен 811мың тонна, бақшадан 1 252 мың тонна, картоптан 195 мың тонна, масақты дақылдардан 470 мың тонна өнім жиналған. Тамшылатып суғару әдісі қосымша 6000 жуық гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 49,7 мың гектарға жетіп отыр. Бұл республикадағы тамшылатып суару егістігінің 73 пайызын құрайды. Еліміз бойынша ең көп жылыжай күнгейде екені белгілі. Республика бойынша жылыжайдың 87 пайызы оңтүстіктің орталығында. Биыл жылыжайлардан алынған өнім көлемі ауыз толтырып айтарлықтай. Жылыжайлар қосымша 72 гектарға салынып, жалпы 1 098 гектарға жетті. Осы жылыжайлардан 80 мың тонна көкөніс өнімдері жиналды. Ал терең қопсыту технологиясы 89 мың гектарға енгізілді. 4000 астам ұсақ шаруашылықтарды біріктіретін 47 кооперативтер құрылып, 9 МТС ашылды. Егіс көлемі өткен жылдан 13 мың гектарға артып, 788 мың гектарды құрады. Суармалы 466 мың гектар жердің 93 пайызы игерілуде. Келер жылы арттырылған егістік көлемінің ұлғаюына байланысты түсім тіптен көп болады деген үміт басым.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР