12-09-2021
17.3 C
Шымкент

Шитті мақтадан алатын өнім мол

Еліміз бойынша тек Оңтүстік Қазақстан облысында ғана өсірілетін мақта  биыл да мол өнім береді деген үміт мол. Еліміздің өзге өңірлерінде өспейтін талшықты жыл сайын тонналап теріп, шаруалар жоғары көрсеткішке жетіп келеді. Былтыр  түркістандық шаруалар жоғары сапалы мақта сұрыбын шығарып, мол өнім алған болатын. Әрі оның атын «Түркістан» деп атаған-тын. Алдағы уақытта шаруалар мақта түсімін арттыруды мақсат тұтып отыр. Әрине «Түркістанның» арқасында. Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Қарашық ауылдық округіндегі «Тұран» шаруа қожалығы аталған сұрыптан мол өнім алып отыр. Кезінде Биология ғылымдарының докторы A.Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Ә.Әлиев аталған сорттардан мол өнім алуға болатындығын, оның  ерекшеліктерімен таныстырған болатын. Жаңа мақта талшығының ұзындығы кәдімгі сұрыптағы мақтаға қарағанда әлдеқайда жоғары. Яғни, «Түркістан» мақтасының талшығы 4-үлгіге жатады. Мақтаның бұл түрі тоқыма өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылады. Енді түркістандық кәсіпкерлер Оңтүстіктегі тоқыма кәсіпорындарын жергілікті шикізатпен қамтуға толық кепілдік бере алады. Енді шымкенттік кілем фабрикалары, жіп шығаратын кәсіпорындар шетелден шикізат іздеп сабылмайтын болады. Түркістандық мақташылар биыл 17 мың тонна шитті мақта жинаймыз деп жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР