11-04-2022
22.3 C
Шымкент

Жаңа мектептер пайдалануға берілді

ОҚО Сайрам ауданында үш бірдей білім беру ошағы халық игілігіне тапсырылды. Бірі Көлкент ауылдық округі, Қосбұлақ ауылындағы №63 Қ.Сатбаев атындағы 600 оқушы орынға арналған жалпы орта мектебі болса, екіншісі Манкент ауылдық округіндегі 600 оқушы орынға арналған Манкент атындағы жалпы орта мектебі және 300 оқушы орынға арналған Қарабұлақ ауылындағы №100 жалпы орта мектебі салтанатты түде ашылды. Салтанатты ашылуына облыс, аудан басшылары және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Еліміздің жас ұрпақтары үшін тағы бір заманауи талапқа сай керекті жабдықтармен қамтамасыз етіліп, сапалы білім жүйесін жүргізе алатын жаңа оқу ордасының құрылысы аяқталуы ауыл тұрғындары және ұстаздар мен оқушыларға қуаныш сыйлады.
Бұл мерейлі күнде елді мекендердің халқы ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі — мемлекет үшін Қазақстанның гүлденуіне, егеменді еліміздің өсіп өркендеуіне өз үлесін қосар білімді, мәдениетті жастарды тәрбиелеу болып табылады. Мемлекетіміз болашақта қазақ елін көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда. Сол үшін талабы таудай балаларымыз үшін алдағы уақытта да білім беру ошақтары қолданысқа берілетін болады.
Қазіргі таңда 71 мектеп оқушыларға білім беруде. Ал, білім берудің сапасын одан әрі көтеру жолында алда атқарылатын жұмыстар да аз емес.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР