test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Әлеуметтің әлеуетін көтеру үшін…

Оңтүстiк Қазақстан облысына қарасты Кентау қаласы бүгінде экономикасы өркендеп, қала көркейіп келеді. Әлеуметтің әлеуетін жақсарту мақсатында да бірқатар толымды тіріліктер атқарылуда. Тұрғындардың жайлы да ыңғайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Жуырда қаладағы 5 қабатты екi тұрғын үйдiң монтаждау жұмыстары басталды. Тұрғын үйлердегi пәтер саны — 60. Оның iшiнде бiр бөлмелi — 10, екi бөлмелi — 20 және үш бөлмелi 30 пәтер бар. Кентау қалалық құрылыс бөлiмiнің тапсырысы бойынша тұрғын үй құрылысын жүргiзу үшiн мемлекеттiк сатып алу электронды конкурс нәтижесi бойынша «Стройсервис-XXI» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңiмпаз атанған. Қазiргi таңда аталған екi нысанда уақытша ғимараттар орнату, қоршау, котлован қазу жұмыстары жалғасып жатыр. Биылдың өзiнде қос нысанға 200 миллион теңге бөлiнiп, құрылыс жұмыстарын аяқтау 2018 жылға белгiленiп отыр. Мердігер компания аталған уақыттар кешіктірмей құрылыс жұмыстарын аяқтаймыз деп отыр. Әлеуметтік жағдайдың жақсаруын қалада құрылыс жұмыстарының қарқынды жүргізілуінен ақ байқайға болатындай. Аталған нысандар «Өңiрлердi дамыту-2020» мемлекеттiк бағдарламасы аясында бой көтеретiн болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР