test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Мамандық таңдау — маңызды қадам

ОҚО Кентау политехникалық колледжінің түлектері түгелімен жұмысқа орналасады. Шәкіртақыны айтпағанның өзінде, оқып жүрген студенттердің тәжірибеден өтуіне де еңбекақы төленеді. Себебі, «Alageum electric» ХК кәсіптік білім алған жастардың табысты еңбек етуіне кең мүмкіндік беріп отыр. Қала жастарымен кездескен холдингтік компания басшылары мамандық таңдауда қателесуге болмайтындығын жеткізіп, политехникалық колледжден кәсіптік білім алуға шақырды. «Біз мектеп бітіруші түлектер мамандық таңдауда жаңылыспаса екен дейміз. Мамандық алғаннан кейін жұмыс жасау керек. Яғни, жұмыссыз қалмауы керек. Бүгінгі кездесуде біз жастарға осы жайтты түсіндірдік. Өз жетістіктерімізді айтып, Кентау политехникалық колледжінде білім алуға шақырдық. Жалпы мамандықтың барлығы жақсы. Бірақ инженерлікке жетпейді. Кентау трансформатор зауытында 1300-ден астам адам жұмыс жасаса, соның 99 пайызы инженерлер. Инженер жоқтан бар жасайды. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеріп, қоғам қойған талаптарға сай болуы керек. Бұл бағытта «Alageum electric» ХК құрылтайшылық ететін Кентау политехникалық колледжі нәтижелі жұмыстар атқарып жатыр, — деді «Alageum electric» ХК бақылау кеңесінің төрағасы Сейдулла Қожабаев.  Колледж студенттері мен түлектері, ата-аналар комитетінің мүшелері жарыссөзге шығып, жастарға үлкен жағдай жасап отырған компания басшылығына ризашылықтарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР