15-04-2022
12.3 C
Шымкент

Қайырымдылық шарасы өтті

Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» комуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жастардың өмір сүруге бейімін арттыру, қоғам назарынан тыс қалдырмау үшін «Жүрегім толы мейірім» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Аталмыш акцияның берері де, көрсетер көмегі де көп, әрине. Сондықтан да болар оған қатысушылар қатары аз болған жоқ. Акция барысында Оңтүстік Қазақстан облыстық  жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» психологы Ж.Балтабаева – психологиялық көмек көрсету және дағдарыстың алдын алу туралы, ал Төлеби аудандық кәсіпкерлік мектебінің бизнес тренері Ә.Зиябеков жеке кәсібін ашуға, жобасын іске асыруға қаржылық және материалдық көмек алу жолдары жөнінде тренинг өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталған шара мүмкіндігі шектеулі жастарға зор көмек көрсетері сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР