test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Эстафета Төлеби ауданында

Мемлекеттік шекара – мемлекеттік территорияны белгілейтін, ұлттық егемендік таралатын кеңістіктің шектері ретінде түсіндіріледі.Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық мекемесі болып табылатын Шекара қызметі бұл күндері құрлықта, теңізде, шекаралық өзендерде еліміздің аумақтық тұтастығын, шекаралық кеңістіктегі заңдылық пен белгіленген тәртіптің қатаң сақталуын кірпік қақпай мемлекеттік шекараны күзетуде. Шекарашылар әр жылдың 18 тамызын кәсіби мереке ретінде атап өтіп келе жатқанына биыл  25 жыл болды. Осыған орай ОҚО Төлеби  аудандық мәдениет үйінде салтанатты жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 25 жылдығына арналған эстафетаның нышаны қарсы алынды. Эстафетаның басты мақсаты – мемлекеттік шекараны күзету және қорғау бойынша шекарашы-жауынгерлердің дәстүрлерін насихаттау, жастарға патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттерінің халықтары арасындағы бірлік пен достықты нығайту. Эстафета 19 мамыр күні Алматыда 28 гвардияшы-панфиловшы атындағы саябақта бастау алды. Эстафета нышаны Қазақстанның мемлекеттік шекарасын бойлай өтіп, жалпы 15 мың километр өтетіні және 18 тамыз – Шекарашы күнінде Астана қаласына жеткізілетіні жоспарланған. Эстафета қатысушыларына аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев, 2041 әскери бөлімі командирі полковник Р.О.Жаппаров құттықтау сөз сөйлеп, шептегі шекарашыларды төл меркелерімен құттықтап, елге тыныштық тіледі. Іс-шараның соңында қонақтарға мерекелік концерт ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР