04-09-2021
17.3 C
Шымкент

Элиталық көшеттер өсіреді

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы» Сарыағаш ауданында іске асып жатқан жалпы құны 3,2 млрд. теңгені құрайтын 1265 жобаны қаржыландырған. Төмендетілген пайызбен берілетін несиелердің арқасында екі мыңға жуық жергілікті тұрғын екі қолға бір күрек алып, күндіз-түні тынымсыз еңбек етуде. Соның бірі – Сарыағаш ауданындағы Танабай Шынтасов жетекшілік ететін «Сарыағаш жер сыйы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Серіктестік «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығынан» 15 млн. теңге көлемінде несие алып, элиталық көшеттерді жерсіндірумен айналысуда. Сондай-ақ, жиналған өнімдерді сақтау үшін арнайы қойма салып, көшеттерді отырғызуға арналған жаңа құрылғы сатып алған. Алпысқа жуық жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырған серіктестік түрлі жеміс көшеттері мен сәндік ағаштарды өсірумен қатар, бүгінде лимон және жаңғақтың сұрыптарын жерсіндіру бағытында жұмыс істеуде. Жүз гектардан астам аумаққа түрлі көшеттер мен жүзім сорттарын егіп, баптап отырған серіктестік Оңтүстік Қазақстанның нарығымен қатар, көршілес Жамбыл, Қызылорда, Алматы және Ақтөбе облыстарына өз өнімдерін ұсынып отыр. Бәсекелестік ортада барынша шыныққан сарыағаштық серіктестіктің дайын өнімдері нарықта жақсы сапасының арқасында мол сұранысқа ие. Дамудың жаңа кезеңіне өтуді межелеп отырған серіктестікке өз кезегінде жергілікті әкімдік пен тиісті мемлекеттік құрылымдар лайықты қолдау көрсетіп келеді.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР