04-09-2021
21.3 C
Шымкент

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін…

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сарыағаш қаласының мөлтек ауданындағы және Құркелес ауылдық округіндегі спорт алаңшаларын салтанатты түрде пайдалануға берілді. Спорт алаңшасының ашылуына оқушылар спорт сүйер қауым қатысып мәз-мейрам болды. Ашылу салтанатына ақсақалдың батасын алып, нысанның лентасы қиылды. Алғашқы футболды аудан әкімі оқушылармен бірге доп теуіп бастап берді. Аудан әкімінің жастарды спортқа тарту жөніндегі тапсырмаларына байланысты кәсіпкерлердің демеушілігімен 2016 жылы ауыл, елді мекендерде 8 спорт алаңшалары салынып тапсырылған болатын. Үстіміздегі 2017 жылы аудан басшысы арнайы оқушылардың жазғы демалыс кезеңінде спортқа баулу қажеттігін ескеріп жергілікті бюджет есебінен 7 типтік спорт алаңшаларының құрылысын бастап, бүгінгі күні тапсырылу үстінде. Сарыағаш қаласында 2 алаңша, Абай ауылында 1 алаңша, Құркелес ауылдық округінде 2 алаңша, Дербісек ауылында 1 алаңша, Жібек жолы ауылында 1 алаңша. Бұдан бөлек демеушілер есебінен жыл соңына дейін 4 спорттық алаңшалар тапсырылады. Мұның барлығы да әлеуметтің салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығын нығайту үшін жасалып жатқан шаралар. Жас өскіндердің жастайынан шынығып, шымыр болып өсуі дені сау ұлт қалыптастырары сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР