06-09-2021
35.3 C
Шымкент

Жаңа білім бесіктері пайдалануға берілді

ОҚО Мақтарал ауданының әкімі Ғ.Исмаилов Қазыбек би ауылдық округіне қарасты Таубай ата елді мекеніндегі М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектептің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысты.  Аудан тұрғындарын құттықтаған Ғ.Исмаилов: «Қымбатты оқушылар, ұстаздар және барша ата-аналар! Жаңадан ашылған ғимараттарда балаларымыз Қазақстанның туын көкке көтерер үлкен тұлға болып қалыптасуларына тілектеспін. Сіздерге жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыстар, мықты денсаулық тілеймін!» — деді. 2 гектар аумақты алып жатқан М.Жұмабаев атындағы мектептің 200 орындық жаңа ғимаратын тұрғызу үшін 400 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған. Мектеп толықтай заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Лингафондық кабинеттер, интерактивті тақталар, мультимедиялық құралдар, жаңа үлгідегі химия және биология кабинеттері оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндіктер туығызары хақ. Сондай-ақ, спорт залдары мен шеберханалар, мәдениет залдарында ұстаздар оқушыларды өздері қалаған спорт пен өнердің түріне баулиды. Айта кетейік, бүгін аудан әкімінің орынбасары Б.Төребековтың қатысуымен дәл осы Қазыбек би ауылдық округінің Қазыбек би елді мекенінде 200 орындық №13 жалпы орта мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлованың қатысуымен Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ырысты елді мекенінде тағы бір 200 орындық C.Торайғыров атындағы жалпы орта мектептің жаңа ғимаратының ашылу саланаты болып өтті. Мектептердің барлығы да заманауи құрал-жабдықтармен, инфрақұрылымдармен қамтылған. Бұдан бөлек, ауданда 8 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР