test
02-07-2024
15.3 C
Шымкент

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

ОҚО Мақтарал аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мақтаарал» мәдениет үйінде бос жұмыс орындарына арналған педагогикалық жәрмеңке өткізілді. Аудандағы барлық 125 мектептен 108 педагогикалық мамандық, 36 жұмысшы мамандығы жұмыс іздеушілерге ұсынылды.Мамандықтардың ішінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығына 36 жұмыс орны бос екен. Әсіресе, Мақтарал ауданында математика пәнінің мұғалімі, бастауыш сынып мұғалімі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі және химия пәнінің мұғалімі мамандықтарына сұраныс өте жоғары.»Жәрмеңкеге қатыса алмағандар аудандық «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-не барып, жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, өз түйіндемелерін қалдыра алады. Бос ваканция шықса жұмыссыз азаматтарға дереу хабарлаймыз» — деді аудандық Білім бөлімінің маманы Тұрсынбай Мырзалиев. Жалпы, жәрмеңкеде жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, құжаттарын тапсырып жатқан азаматтардың қатарында жастар көп. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология факультетін биыл үздік бітіріп, қызыл дипломмен туған жеріне оралған Айгүл Ибрагимованың түйіндемесін көрген мектеп директорлары өз мекемелеріне жұмысқа тұруға шақырып отыр. Білім бөлімі мамандарының айтуынша, осы аптаның соңына дейін педагогикалық бос жұмыс орындарының барлығына жұмыс іздеуші азаматтар орналастырылатын болады. Айта кетейік, бүгінгі таңда Мақтарал ауданының 125 мектебінде 9 мыңнан аса мұғалім жұмыс жасайды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР