test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Жаңа зауыт газабетон блоктарын шығарады

Жаңа индустрияландыруды өркендету бойынша 2015-2017 жылдар ішінде Арыс қаласында бағдарлама аясында 5 жоба мақұлданған. Яғни осы жылдар ішінде жалпы құны 51,6 млрд. теңге болатын 4 жоба іске қосылып, 133 жаңа жұмыс орны құрылған. Сонымен қоса, биылғы жылы қалада құны 376 млн. теңгені құрайтын газабетон блоктарын шығаратын кіші зауыттың құрылысы жүргізілуде. Жоба іске қосылғанда жаңа 30 жұмыс орны ашылатын болады. Ал 2017-2019 жылдары индустриаландыру картасы шеңберінде 3 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олар «Қостүйін» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрама жем шығаратын кіші зауыт құрылысы. Жалпы құны 132 млн. теңге. Екінші жоба жалпы құны 40 млн. теңге болатын түйе сүтін (шұбат) пластикалық ыдысқа құятын цехы. Ал үшінші «Жаңа Ақдала» ЖШС-нің қосымша томат концентратынан дайын өнімдер, кетчуп, томат сусындарын шығаратын цехты іске қосу. Бұл жобаның жалпы құны 70 млн. теңге. Осының нәтижесінде 70 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР