16-04-2022
22.3 C
Шымкент

Шағын несиемен кәсібін дөңгелетпек

ОҚО Түлкібас ауданының  әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру мақсатында ауданда жұмыс істейтін 39 кәсіпорын жыл басынан бері 8 629,5 млн. теңгенің өнімін өндірген. Жалпы ауданда кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны 17 344 адамға жетіп, бизнесмендер саны 106 адамға немесе 100,6% өсіп отыр. Ал кәсіпкерлік саласында белсенді жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6520 бірлікті құрап отыр.Аудандағы 4 шағын несие ұйымы арқылы 2712 жеке азаматқа 1237,2 млн теңге несие берілген. Түлкібаста кәсіпкерліктің кең қанат жаюы үшін, яғни, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту аясында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының барлық бағыты бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, нәтижесінде, белсенді түрде 235 азамат оқуға жолданса, 34 азаматқа 81,2 млн. теңге шағын несие берілген. Сондай-ақ, бағдарламаның үшінші бағыты аясында 961 адам жұмыспен қамтылыпты. Сонымен қатар, ауданда мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясында 100 орындық бір балабақша ел игілігіне берілді. Және бұл жұмыстар одан әрі жалғасатын болады. Осы көрсеткіштердің нәтижесінде мектепке дейінгі балаларды балабақшамен қамту ісі ауданда биыл 92,6 пайызды құрап отыр екен.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР