test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Жаңа зауыт 150 тонна сүт өңдейді

Сайрам ауданындағы тәулігіне 20 тонна сүт өңдеуге қауқарлы «Компания Натур Продукт» ЖШС-гі алдағы уақытта Ақсу ауылында сүт өңдейтін жаңа зауыт салмақ. Өндірісті кеңейту мақсатында іске асатын бұл жоба тәулігіне 150 тонна сүт өңдейді деп жоспарланып отыр.  Бүгінгі таңда өндіріс қуаттылығын арттыру үшін тәулігіне 70 тонна сүт өңдеуге мүмкіндік беретін құрал-жабдықтар алынып, монтаждау жұмыстары басталған. Қосымша бес жұмыс орнының ашылуы жоспарланып отыр. Ал жаңа жұмыс орындары ашылса, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік те болады. Тамақ өнеркәсібі саласындағы кәсіпорынның бірі — сүт өнімдерінің бірнеше түрін өндіреді. Яғни, мұнда «Хан» сауда маркасымен сүт өнімдерінің — айран, ірімшік, йогурт, құрт, сары май шығарылады. Өткен жылы серіктестік 108,2 млн. теңгенің өнімін өндіріп, бюджетке 19,2 млн. теңге салық төлеген. Ал ағымдағы жылдың жеті айында 71 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Мұнда жергілікті 32 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, кәсіпорын жыл сайын «Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында сары май мен ірімшікке субсидия алып келеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР