07-09-2021
27.3 C
Шымкент

Жүйелі жұмыстар қажет

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығының жұмыс барысымен танысты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Жалпы ауданда әлеуметтік салада атқарылған тындырымды тірліктер жетерлік. 96 жалғызілікті қарияға 24 әлеуметтік қызметкер бекітілсе, 112 мүмкіндігі шектеулі балаға 22 әлеуметтік қызметкердің қарауы қамтамасыз етілген. Жыл басынан бері аймақтағы мүмкіндігі шектеулі 12 балаға аймақтық мүгедек балаларды оңалту орталығына жолдама берілген. Сала мамандар денсаулығында ақауы бар балаларға балабақшалардан арнайы топ ашылса деген ұсынысын аудан басшысына жеткізді. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлжан Досова жыл ішінде атқарылған жұмыстар жайын баяндады. Өз кезегінде Ордабасы ауданының әкімі «Өрлеу» жобасын ұтымды іске асыруды міндеттеп, мемлекеттік бағдарлама аясында жүйелі жұмыс істеуді тапсырды. Аудан басшысы әсіресе жас мамандардың біліктілігін арттыру және кәсіп ашып, жұмыс істеймін деген ынталы азаматтарға барынша қолдау көрсету туралы нақты тапсырмалар  жүктеп, мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты мен міндеттерін аудан тұрғындарына жан-жақты ұғынықты етіп түсіндіруді ескертті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР