23-04-2022
17.3 C
Шымкент

Ерекше тосап Сарыағаштан шығады

Оңтүстік Қазақстанда жасыл жаңғақтан консервіленген тосап жасап шығаратын ерекше цех жұмыс істеп жатыр. Кәсіпорын өз жұмысын екі жыл бұрын бастаған. Өткен жылы кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдікпен несие алса, биыл «Бірегей кәсіпорын» деген аталым бойынша грант ұтып алды. Сарыағаштық кәсіпкер Бақыт Наурызбай өзінің шағын кәсіпорнында емдік тосаптарды өндіреді. Жасыл жаңғақ, асқабақ, мүкжидектен жасалған тосаптарды дүкен сөрелерінен кезіктіру қиын. Тосаптар қосындысыз тек табиғи өнімдерден жасалғандықтан оны қолданған кезде тек тоңазытқышта сақтау қажет. Грек жаңғағынан жасалған тосаптар Әзербайжанда кең танымал. Сарыағаштық кәсіпкер бұл десертті біздің елде де жасауды дұрыс деп тапқан. Бақыт Наурызбай өнімді сатылымға шығармас бұрын, біліктілігі жоғары диетологтармен де кеңескен. «Йод жетіспеушілігі жоғары біздің аймақ адамдары үшін мұндай тосаптар өте қажет. Жаңғақ тосабы бауырға пайдасын тигізіп, ұйқысыздық, тамақ ауруы, тұмау, жүйке аурулары, жүрек ұстамасынан емдейді. Сондай-ақ, гипертония мен атеросклерозға да пайдасы бар. Жаңғақ тосабы адамның ақыл-ойының дамуына да септігін тигізіп, адам иммунитетін жоғарылатады екен. Оны балалар да, жүкті әйелдер де тұтына береді», – дейді кәсіпкер.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР