01-04-2022
7.3 C
Шымкент

Шифер экспортқа шығарылмақ

Оңтүстік Қазақстан облысында шифер шығаратын кәсіпорын жылына 2,3 миллион дана шифер өндіреді. «Оңтүстік» индустриялды аймақта орналасқан «Tectum Enjineering» ЖШС-гі шифер өндіретін алғашқы кәсіпорын. Бұл жоба «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында қаржыландырылған. Жоба құны 1,9 млрд. теңгені құрайды. Зауыт «Хатчек» әдісімен өнім шығарады. Мұнда 200 адам жұмыспен қамтылған. Ал шығарылған өнімнің 60 пайызы ішкі нарыққа, қалған 40 пайызы Тәжікстан, Ауғанстан мен Өзбекстан елдеріне жөнелтілуде. Айта кетейік, аталған аймақта жалпы сомасы 55,8 млрд теңге болатын бес мың жұмыс орнымен 85 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда мұнда құны 21,4 млрд. теңге болатын 46 жоба іске қосылып, үш мың адам жұмыспен қамтылып отыр. «Оңтүстік» индустриалды аймағы қатысушыларының жалпы өнім көлемі өткен жылы 18,2 млрд. теңгені құрады. Ал 2010 жылдан бері аймақтағы кәсіпорындар 85,9 млрд. теңгенің өнімін шығарды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР