15-09-2021
16.3 C
Шымкент

Шыны зауытының өнімдеріне сұраныс көп

Шыны ыдыстар шығару iсiмен айналысатын «Еврокристалл» зауытында өндiрiлетiн өнiмдердi газдалған сусындар мен шырындар, алкогольдiк және сүт пен дәрi-дәрмектер шығаратын зауыттар қолданады. Мұнда түрлi қалыпта 150 грамнан 3 литрге дейiнгi түссiз және жасыл түстi бөтелкелер мен құтылар әзiрленедi. – «Даму» қорының қолдауымен 2012 жылы зауытта алғашқы пеш салынып, жылына 60-70 миллион бөтелке шығарылды. Ал, 2014 жылы Қазақстанның даму банкiнiң көмегiмен екiншi пеш салынып, 130-140 миллион бөтелкенi дайындауға мүмкiндiк туды. Соған орай, бiз өнiмнiң өзiндiк құнын 20 пайызға дейiн төмендеттiк. Қазiргi таңда зауыт жылына 200 миллион шыны ыдысын шығаруға қауқарлы. Түйiнi тарқатылмаған мәселелерiмiз жоқ десек те болады. Себебi, бiздiң өнiмдерiмiзге сұраныс аз емес. Қазақстанның барлық аймағы мен Қырғызстан, Тәжiкстан және Түркiменстаннан тапсырыстар көптеп түсуде, –дедi «Еврокристалл» зауытының бас директоры Рустам Сухов. Бүгiнде зауыт 95 пайызға автоматтандырылған. Соған қарамастан зауыттағы жұмысшылардың саны 350-ге жеттi. Зауыт жоғары сапалы өнiмге қол жеткiзген ең заманауи құрылғылармен жабдықталған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР