test
11-07-2024
27.3 C
Шымкент

Шыны арматура жасап шығарады

Кентаудағы шыны пластикалық арматура шығаратын цех жіп секілді заттан шыны арматура жасап шығаруда. Заманауи шыны пластикалық арматура темірден жасалғанынан 10 есе қолайлы. Әрі күнделікті шаруашылықта таптырмайтын зат. Мұның бағасы металл арматурадан 30 есе арзан. Әрі төзімділігі темірден 3,5 есе мықты. Мұнымен үй тұрғызылса, ішке суық пен ыстық өтпейді. Моноқала бағдарламасы аясында жүзеге асып отырған шағын цех қазіргі таңда 6 адамды жұмыспен қамтып отыр. Мұндағы құрал жабдықтардың барлығын да өздері жасап құрастырған. Алдағы уақытта бұл цех Самарқан елінен келген инвестордың қаржыландыруымен жұмыс көлемін ұлғайтпақ. Ол үшін қала әкімдігі жуырда ғана ашылған индустриалды аймақтан жер бөліп, сонда орналасуға қолдау көрсетпек. Айта кетейік, Кентау қаласында жылдан жылға кәсіпкерлердің саны артып келеді. Былтыр 290 млн. тг қаржы несиеге берілсе, 12 млн. тг грантқа ұсынылды. Ал, биыл несие алушыларға 500 млн. тг, ал гранттарға 13 млн. тг қаржы берілмек.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР