11-09-2021
13.3 C
Шымкент

ОҚО-ға шетел инвесторлары қызығушылық танытты

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері шетел инвесторларымен 40-тан аса іскерлік кездесулер ұйымдастырылды. Нәтижесінде, Біріккен Араб Әмірлігімен – медициналық бұйымдар және дәрілік заттар шығаратын зауыт салу, Ресей елімен – Евро-5 стандартына сай жанар-жағармай өндіретін мұнай өңдеу зауытының құрылысын салу жөнінде келісімдер жасалды. Сондай-ақ, Қытай елімен бірлесе Отырар ауданында жылына 150 мың тонна жүгеріден шикізат шығару, 50 мың тонна биоэтанол, 3 мың тонна жүгері майы, 40 мың тонна ірі қара мал үшін азық шығаратын биоэталон зауытын салу көзделуде. Ал, Созақ ауданында фосфор тыңайтқышын шығаратын зауыттың, сондай-ақ, Ордабасы ауданында күн сәулесінен электр қуатын өндіретін электростансаның құрылыстарын жүргізу жөнінде келісімдер жасалды. Қуаты 200 МВт баламалы энергия өндіретін жобаға 300 млн. АҚШ доллар болатын инвестиция тартылып отыр. Маңызды жобаларды іске асыру бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облысқа 229,9 млрд.теңге инвестиция бағытталып, 31,5%-ға артты (2016 ж. 166,4 млрд.теңге). Оның ішінде сыртқы инвестициялар 42,3 млрд.теңгені құрап, үлесі 14,1%-дан 16,9%-ға көбейді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР