test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Қуаттылығын 60 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданындағы автоматтандырылған жүйедегі жаңа технологиялы қыш зауыты тәулігіне 55 мың дана өнім өндіреді. Жергілікті өнім аймақтағы қарқыны үдей түскен құрылыс жұмыстарында қолданылуда. Өйткені құрылысқа аса қажетті бұл отандық өнімге сұраныс жоғары. Үдемелi индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында iске қосылған кәсіпорын келесі жылы қуаттылығын 60 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр. Мұнда жергілікті 62 адамды жұмыспен қамтылып отыр. Заманауи технологиялармен жабдықталған зауытқа 526,9 миллион теңге жұмсалды. Инфрақұрылым 148 миллион теңгеге жүргiзiлген. Қазiргi таңда зауыт күнiне 55 мың кiрпiштi iшкi нарыққа шығаруда. Бiр кiрпiштiң бағасы – 35 теңге. Көбiне құрылыс жүргiзетiн компаниялар өтiнiш бередi. Бастысы, отандық өнім экологиялық таза. Жол, электр желісі мен газ құбыры индустрияландыру бағдарламасына сәйкес тегін тартылған. Мемлекет қолдауының арқасында кәсіпорын еңсесін тіктеп, аяғына нық тұрып үлгерді. Нәтиже де жаман емес. Енді тәулiгiне 60-70 мың кiрпiш өндiрмек.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР