02-04-2022
16.3 C
Шымкент

Мемлекеттік қолдау тиімді көрсетілуде

ОҚО Түркістан қаласындағы «Ақ жол» ЖШС-нің басқарушы компаниясы осы жылдың сегіз айында 839 млн теңге болатын нан, кондитерлік өнімдер мен шұжық өнімдерін шығарды. Ал, өткен жылы 288 млн теңгеге өнім өндірілген. Компания шағын және орта бизнеспен жаппай кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімді әсеріне мысал бола алады. Жылына 450 млн. теңгенің өнімін өндіруге қауқарлы кәсіпорын нан, кондитерлік өнімдер мен шұжық өнімдерін шығарады. Серіктестік тәулігіне 10-12 тонна ұн өнімін өндіреді. Наубайханада сапалы әрі таңдаулы нан өнімдерінің 30 түрі пісіріледі. Мұнда күндігіне 30 мың нан пісіріліп, қаладағы сауда орындарына таратылады. Нан – әрқашан да тұтынушылар сұранысына ие болатын өнім болғандықтан наубайхана демалыссыз жұмыс істейді. Мәселен, мұнда еңбек ететін 120 адам өткен жылы 1638 тонна нан, 490 тонна кондитерлік сапалы өнім шығарған. Ал тәулігіне 10-15 бас мал сойылатын цехта шұжықтың 8 түрі жасалады. Яғни, мұнда айына 30 тонна, ал жылына 300 тоннадан астам дайын өнім шығарылады. Шұжыққа қосылатын арнайы қоспалар Түркия мен Австриядан әкелінеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР