15-04-2024
13.3 C
Шымкент

Күріш егіп, шаруасын шалқытып отыр

Шардаралық шаруалар күріш егіп, астыққа кенеліп отыр. Ала жаздай бейнеттің берекесін көріп отқандардың бірі Ұзын ата ауылының тұрғыны – Рахымберді Айтмырзаев. «Айткүл – Атақоныс» шаруа қожалығының иесі 26 гектарға күріш дақылын еккен. Енді өнімді жинап алуға кірісті.  Күріш алқабымен даңқы шыққан ауылда ата кәсіпке бет бұрғандар қатары қалың. Аудан бойынша 896 гектарға  күріш дәні себілсе, оның 200 гектар алқабыҰзын аталықтарға тиесілі. Гектарына 250 келідей тұқым еккен дихандар, 75-80 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр.  Рахымберді Айтмырзаев — «Айткүл – Атақоныс» шаруа қожалығының басшысы: — Енді бір 4 жылдың көлемі болды, мына күріш дақылын да қайтадан қолға алып, сол мақта дақылымен бірге ауыспалы егіс жасап осы дақылды да соны қайтадан игеруге ат салысып жатқан жағдайымыз бар. Сұраныс елге бар, сол елге қамтамасыз ету үшін, облысымызды қамтамасыз ету үшін біздің Шардараның күріші өздеріне лайық жетеді деп мен есептеймін. Келешекте әлде де шамалы молдау егуге әрекет жасаймыз. Әрі қарай сұраныс жақсы болып жатса одан да жоғарылата береміз, -дейді.   «Елде болса, ерінге тиеді». Жомарт шаруа жыл сайынғы өнімнің бір бөлігін ардагерлер мен тұрмысы төмен отбасыларға үлестіруді әдетке айналдырған. Сондай-ақ, ауылдағы үш балабақшаға демеушілік жасап, күрішпен қамтамасыз етуде. Бұл – бұрын одақ көлемінде үздік деп танылған дихандардың дәстүрлі жолы.  Пердебай Қапбаров –  ұзын ата ауылдық ақсақалдар кеңесінің  төрағасы: — Біздің комсомол совхозы қазір Ұзын ата ауылдық округ дейді ғой. Комсомол совхозы Москвада бүкілодақтық көрмеден түскен емес. Осындай азаматтардың арқасында, өзім барған уақытта талай көрдім. Мен ол сол көрменің күміс медалін алып, машина міндім тегін. Сол өткен күнді аңсаймыз. Осыған келген кезде бір рахаттанып демалып қаламыз, -дейді.  Шаруа қожалығы 6 адамды жұмыспен қамтып отыр. Алдағы жылы  егістік көлемін еселей түспек.

Д.Мырзақадір

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР