ОҚО Түлкібастықтар да қазыналы қариясынан құрметті аяған жоқ. Аудан әкімі бастаған топ, қарттардың үйлеріне кіріп, сый- сияпат жасады. Мерекелік кеште кейінгі ұрпақты ізгілік пен мейірбандылыққа баулып, отансүйгіштік қасиетті сіңіруге үндеді. Сәтпай Қасымбек –Түлкібас аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:- Осыған орай біздің ауданда жылдаосы мереке жоғары деңгейде атап өтіледі. Биыл 150 қарттарды шақырып, дастархан жайып, құрмет көрсетіледі. Бүгін таңертеннен бастап аудан әкімі мен бірігіп 10 қартты шаңырақтарына құтықтап кіріп шықтық. Бізде қазір 980 ардагерлер бар. Осы ардагерлерды құрметтеу біздің міндет.
Қайырымдылық пен ізгілік ұштасқан бұл мерекеде аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков 100 жасқа келген ақжаулықты әже, тыл ардагері Құжамбетова Күләй әже мен атақты диханшы «Еңбек Қызыл ту» орденінің иегері, еңбек ардагері Жаппаров Жанысбек ақсақалдың үйіне атбасын бұрып, мерекемен құттықтап, сый –құрмет көрсетті.
Гүлбибі Ешенқұлова -Түлкібас аудандық әжелер алқасының төрайымы:- Міне бүгінгі күні аудан әкімі бізге үлкен қамқорлық жасап, керемет құрмет көрсетіп жатыр. Қазіргі кезде елбасының жолдауына байланысты аудандағы әжелер алқасы бірқатар жұмыстар жасап жатыр.
Ауданда 9800 қария болса, оның ішінде 100 жастан асқан 7 қария бар.Салтанатты іс-шарада ардагерлерге дастархан жайылып, аудан өнерпаздары ән -жырларын арнады. Елге еселіеңбексіңірген ел ағаларЫ мен асыл әжелер марапат алды. Ел қарияларына арналған мерекелік жиын барлық ауылдық округтерде жалғасын тапты.
Нұрбол Тұрашбеков – Түлкібас ауданының әкімі:- Аяулы әжелер, аналар! Бүгінгі мерекемен құтықтаймын.сіздердің арқаларыңызда, біз еңбекке, ізетілікке, инабатылыққа, тәрбие алдық. Тәуелсіздік алған алғашқы кездегі еткен еңбектеріңіз орасаң. Қашанда елбасының салихалы саясатын қолдап жүресіздер. Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан тілеймін.
Үлкенді сыйлау, құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Аталарымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдары –ұрпаққа ұлағат.
АРАЙЛЫМ Байзахова