03-09-2021
24.3 C
Шымкент

Жүрек күніне орай акция өткізілді

Дүниежүзілік жүрек күніне орай «Қырғы» базарында ОҚО Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және №1 Шымкент қалалық емхананың мамандары бірлесіп қала тұрғындарына «Жүрек қан – тамыр ауруларының алдын алу» бойынша акция ұйымдастырды.  Шара барысында қала тұрғындарына  кардиолог, терапевт дәрігерлері қан айналымы жүйесінің ауруларының алдын алу туралы кеңестер берілді. Бүгінде  артериялық гипертония және жүректің ишемеялық сырқаты дендеген жандардың қатары көбейген.  Базарда қала тұрғындарына инсультың  алдын алу бойынша тегін медициналық тексерулер жүргізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, артық салмақтан арылу, жүрек қан – тамыр аурулары қауіпінің алдын  алуға мүмкіндік береді. Ал, қала тұрғындары  артериялық қан қысымын, өлшетіп, көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алды.  Күйбең тіршіліктен арыла – алмай, көрінуге мүмкіндігі болмай жүрген жандар үшін бұл тиімді бастама. Аталмыш іс-шараны өткізудің мақсаты — қоғамда қан айналу жүйесінің жүрек ауруларының пайда болуының алдын алу.Ауырмау үшін халықты сақтық шаралармен ақпараттандыру.

НҮРКЕН Күзербаев

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР