02-09-2021
30.3 C
Шымкент

Мемлекеттік бағдарлама іске асуда

Еңбексіз адамзаттың күні қараң. Өйткені адамзат жаралғаннан бергі бір анық ақиқат: ата-анаға, Отанға, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Отбасының амандығы, бай-қуатты болуы, адал перзенттің тәрбиеленуі еңбекпен тікелей байланысты.
Сондықтан әр ата-ана баласына еңбектің мәнін жастайынан санасына сіңіріп өсіреді. Туған шаңырақтан алған тәрбие – бұл барша халқымыздың бай-қуатты да табысты болашағының кепілі. Сондықтан, халықтық дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы өскен ортадан алған тәлім-тәрбиеден бастау алады. Ұлы Абай «бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол», еңбекпен мал тап дейді ұлы ойшыл. Алаштың арысы Ахмет Байтұрсынов бай болу үшін кәсіпті меңгер деген бұдан жүз жыл бұрын. Қазақ ұлыларының айтып кеткен өсиеттері дәл бүгінгі заманды дөп басып айтқандай.  Елбасымыздың кәсіпкерліктің көжиегін кеңейту, бизнесті дамыту туралы әр жыл сайынғы Жолдауларында көрініс табуының түпкі мән-маңызы еңбек ету. «Еңбек — әлемнің әміршісі» деген болатын өз сөзінде Ұлт Көшбасшысы. Сондықтан да тегін кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырып отыр. Осы бағытта аудандық ОҚО Бәйдібек ауданындағы №19 колледжде түрлі мамандықтар бойынша оқытылып жатқан студенттер елдің ертеңі. Колледждегі студент жастарды еңбекке баулу, өз ісінің шебер маманы болуға даярлау біздің міндетіміз. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жолында еңбек етудеміз.

А.ДӨҢБАЕВ,
№19 колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР