19-09-2021
16.3 C
Шымкент

Түрік кәсіпкерлері әріптестік аясын кеңейтпек

ОҚО Ордабасы  ауданы әкімі Рашид Қайыпжанов түрік елінің кәсіпкерлерімен кездесіп, әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады. Нигде /Nigde/ қаласында бау-бақша саласын дөңгелетіп отырған бұл компанияның атауы «Алма-Ата» . Бүгінгі таңда өз еліндегі үздік үштіктің қатарынан табылатын бұл компания Қазақстан елінің кәсіпкерлерімен тығыз байланыс орнатып, жұмыс жүргізуде. Компания директоры Атилла Каплан ендігі кезекте әріптестікті нығайту мақсатында ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерімен бірге жұмыс жүргізуге дайындығын жеткізді. Көшет баптау, оны жеткізу, тамшылатып суару жүйесін орнату, қажетті тыңайтқыштармен қамтамасыз ету ісінде барынша қолдау көрсететіндерін де атап өтті. Аудан басшысы Рашид Үсіпханұлы түркиялық қонақтардың ұсыныстарын тыңдап, жұмыс жүргізу барысында әкімшілік тарапынан қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Ал, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Омарбеков, «Александровский сад» жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры Бақтияр Тағаев ауданымыздың мүмкіндіктері мен табиғат ерекшелігі ескеріліп, барынша ұтымды шешім қабылдауға жұмыс жүргізілетінін тілге тиек етті.
Жалпы, 2017 жылға Ордабасы ауданында 170 гектарға қарқынды бау егу жоспарланған. Бүгінде «Грин таун» ЖШС 16,5 гектарға, «Александровский сад» ЖШС 2 гектарға алма көшеттерін отырғызып, баптауға кіріскен.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР