11-09-2021
18.3 C
Шымкент

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Мақтарал ауданындағы «Тұран» мектеп гимназиясы мен Ш.Уалиханов жалпы орта мектептерінде аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтарды, ерте жүктілікті және аутодеструктивті оқиғалардың, құқық бұзушылықтың, алдын-алу мақсатында «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты тақырыпта 8-9-10-11 сынып оқушыларының қатысумен кездесу өткізді. Кездесуге әр сала бойынша келген мамандар, атап айтқанда КВН Жайдарман, дебат ойындарына жастарды тарту бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай ақ жастарға патриоттық бағытта тәрбие беру, Отансүйгіштікке тәрбиелеу де назардан тыс қалған жоқ. Іс-шарада Жетісай қаласы емханасының акушер-гинеколог дәрігері қыздарға ерте жүктіліктің зардабы туралы түсіндіріп өтті. Ал, аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері, Әлеуметтік сүйемелдеу орталығының және «Жастар ресурстық орталығының» психологы мен қызметкерлері қатысып өз ақылдарын, өмірден көрген түйгендерін айтып, қыздарды әдемілік пен әдептілікке, жат қылықтан аулақ болып, үлгілі ару болуға, ата-ананың үмітін ақтауға шақырды. Кездесу барысында оқушыларға бой сергіту жаттығуын өткізіп, іс-шара сарында емес, жастармен өзара пікір алмасу түрінде болды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР