test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Күніне 400-500 тонна қызанақ өңдейді

ОҚО Арыс қаласындағы «Агрофирма Жаңа Ақдала» ЖШС-і томат концентратынан дайын өнім шығармақ. Жақын күндері кәсіпорын жаңа желіні іске қосып, томат пастасын жасайды. Бүгінде арнайы қондырғыларды алып, орнатып қойған. Аталған зауытта күніне 400-500 тонна қызанақ өңделеді. 70 тоннаға жуық томат концентраты дайындалады. Алдағы уақытта өндіріс орны жұмыс көлемін кеңейтуді жоспарлап отыр. Ол үшін қажетті құрылғылары да дайын тұр.

Ерлан Ақжібеков – «Агрофирма Жаңа Ақдала» ЖШС директоры: — Томат пастасын шығаратын желіні қарашаның екінші он күндігінде іске қосады. Өнім «Алтын дән» маркасымен үш түрлі көлемдегі шыны ыдыста шығарылатын болады. Табиғи дайын өнім Оңтүстік өңірінің сауда қатарларынан бөлек, еліміздің жеті облысында да саудаланады деп жоспарлануда

Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылдық округіндегі «Агрофирма Жаңа Ақдала» ЖШС-нің егістік алқабында да өнім жайқалып тұр. Тамшылатып суару әдісімен 400 гектарға жуық жерге қызанақ егілген. Бүгінде шаруалар төрт комбайнмен алқаптағы 200 гектар қызанақты жинап үлгерді. Одан 12 мың тонна өнім алған. Биылғы егіс мол болғандықтан гектары 630 цн құрап отыр. Маусым кезінде мұнда үш жүзден астам адам еңбек етеді. Ал 229 азамат тұрақты жұмыс істеп отыр.

Ерлан Ақжібеков – «Агрофирма Жаңа Ақдала» ЖШС директоры: — Бұл жерде қазір 300-дей жұмысшы бар. Мезгіл уақытында біз қосымша жұмыс көзін тартамыз. Өндіріс көлемі артып жатса, тағы да бірқатар жұмысшылар алу керек деп жоспарлап отырмыз. Біздің өнімдердің сапасы жоғары, өйткені қызанақты да өзіміз өсіреміз.

Айтып өтейік, серіктестік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2008 жылы іске қосылған. Сол уақыттан бері томат өнімдерін өңдеумен айналысып келеді. Әрі қызанақты да өздері өсіреді. Кәсіпорынның  қуаттылығы тәулігіне 600 тонна бақша дақылын өндіруге жетеді.

П.Биназарқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР