08-09-2021
31.3 C
Шымкент

Фабриканың мыңға тарта кілемдері ұсынылды

ОҚО-да отандық кілемдер арзандатылған бағада сатылуда. Көрме орталығында ұйымдастырылған «Ұлы дала кілемдері» жәрмеңкесінде «BAL TEKSTIL» кілем фабрикасының 1000-ға тарта жібек кілемдері көпшілік назарына ұсынылуда.Үдемелі индустриялды- инновациялық бағдарлама аясында шаруасы шалқыған кәсіпорынның өнімдерін жергілікті тұрғындар да жоғары бағалады. Жәрмеңкеге арнайы ат басын бұрған Ирандық қонақтар фабрика өнімдерінің сапасына тәнті болды. Қазақтың қалы кілемі, жібек және түкті кілемдері көздің жауын алады. Сапалы өнімдерімен төрткүл дүниеге танылған Иран, Түркия және Белгия өнімдерінен еш кем түспейді. Бес күн бойы жалғасатын көрмеде жоғары сапа мен заманауи техниканың мүмкіндіктері көрсетілмек. Отандық өнімнің көлемін арттырып, өзіне тән бренд қалыптастыра білген фабриканың құрылғанына небәрі 4 жыл. Алдағы  күнде фабрика басшылығы тың жоспар бойынша жұмыс істеуге бекініп отыр.

Талғат Ысқақов – «Bal Tekstil» кілем фабрикасының басшысы:- Біздің кілем өнімдеріне деген тапсырыс, сұраныс өте жақсы. Өйткені біздің кілемдеріміз сапасы жағынан жоғары. Арзан кілемнің  сапасы да арзан болады. Жақсы кілемнің бағасы да жақсы болады. Сондықтаен біз сапалы кілем шығаруға тырысамыз. Өйткені бізде арзан сападағы кілем шығарсақ болады.Бірақ BAL TEKSTIL маркасын жоғалтпайық деп сапалы кілем шығарамыз.

Жәрмеңкеде жібек кілемдерімен жұрттың таңданысын тудырған фабриканың 1000 түрлі дизайндағы өнімі ұсынылды.Тұтынушылар әсіресе, қазақы нақыштағы және классикалық үлгідегі кілемдерге  көптеп таңдау жасауда.

Ұлбике Ахметова –Шымкент қаласының тұрғыны: — Көрме жәрмеңкесіне келдік. Кілемдер арзан, әрі сапалы. Сатып алып жатырмыз. Жағдайымызға қарай, жағдайымызға қарай әртүрлі бағалары. Өте сапалы керемет екен.Қуаныштымыз. Осындай жәрмеңке көп-көп бола берсін. Халыққа игілігі болсын.

Кілем фабрикасы ішкі нарықтың 65 пайызын қамтып, 35 пайызын өзге елдерге экспорттап отыр. Өндірістегі жалғыз қажеттілік – кадр тапшылығы. Уақыт келе оның да түйіні шешілері хақ. Жәрмеңке 5 күнге жалғаспақ. Отандық өнім көрмеде қолжетімді, арзан бағада сатылады. Тұтынушылар үшін күн сайын арнайы лотериялық ойындар да ұйымдастырылмақ.

Г.Қалмырзақызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР