10-04-2022
24.3 C
Шымкент

Шаруа қожалықтарын біріктіру оң нәтиже беруде

ОҚО  шаруаларын мен дихандарының көкше байлығын жинап төлін санайтын кезі келді. Аграрлы аймағымызда биыл көкөніс, бақша, дәнді дақыл молынан болды. Өңір басшысының бастамасымен қолға алынған қожалықтарды біріктіру жұмыстары оң нәтиже берді. Облысымыздағы 55 мыңнан астам ұсақ қожалықтар 700-ге жуық ірі кооперативке бірікті. Табиғаты қолайлы, жері шұрайлы өңірімізде жер емген дихандардың биыл маңдай тері ақталды. Көкөніс көлемі 2,5 мың гектарға азайғанмен өнім өткен жылмен салыстырғанда 110 пайызға орындалды. Десекте масақты дақылдардың өнімі шаруалардың көңілініен шықпады.

Серік Тұрбеков – облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы: — Мақсары дақылдарын толық жинап біттік. 18,7 центнерден келіп отыр. Жалпы 397 тонна алдық. Былтыр 434 тонна болатын. Биыл көктем жауын шашынды болғандықтан өнім аз болды.

Жыл басынан басталған шаруашылықтарды ірілендіру жұмыстары оң нәтиже берді. Жеңілдетілген жанар – жағар май өсімдікке қажетті дәрумендер біріктірілген ұжымдарға бірінші кезекте жеткізілді.Ұсақ шаруашылықтарды біріктіру үшін мемлекеттен 7 млрд. 200 млн. теңге бөлінген. Қаралған қаржы өңір шаруаларына тың серпін берді.

Серік Тұрбеков – облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы: — Облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы кооперативке үлкен көңіл бөліп отыр. Сол кісінің бастамасымен әр ауданда әр сала бойынша көшпелі семинарлар ұйымдастырылып шаруаларға түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 674 кооператив құралды.

Ауылшаруашылығын қолдауда мемлекеттің ықыласы ерекше. Мәселен, биыл осы саланы несиелендіруге республика бойынша 27 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаржының 3,2 млрд-ы – облысымыздың  еншісінде. Жылда келер жылдан үміт күтетін шаруалар сабан тойдан кейін жер жыртып жаңа науқанға дайындықты бастайды.

К. Дүйсенбі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР