test
02-07-2024
19.3 C
Шымкент

Түркі əлемі ынтымақтастық күнін тойлады

«Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында Түркі әлемінің Ынтымақтастық күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Шараның мақсаты — түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, дәріптеу болып табылады.
Осы орайда, Қырғызстан Республикасының «Ақақ» комузшылар ансамблі, Ресей Федерациясы, Тыва Республикасының халық артисі Ондар Монгун Оол, Түркия Республикасы, Бурса қаласы Мэрінің ұлттық оркестрінің өнерпаздары Дженгиз Бутун және Хасан Куртулуш Гезюток, Монғолия елінің өнерпазы Уранчимек Одонтунгалаг, Өзбекстан Республикасының дутар аспабының саз орындау дәстүрін жалғастырушы «Аббос» ансамблі, Әзірбайжан Республикасы «Мугам» триосы, Татарстан Республикасы Айдар Валеев, Саха-Якутия Республикасы Хомус аспабында орындаушы, әнші және әлемге танымал шаң қобызшылардың бірі Юлияна Кривошапкина, Башқұртстан Республикасынан «Бешбармақ» тобы және Оңтүстік Қазақстан облысының өнерпаздарынан құралған 10 мемлекеттің көркемөнер ұжымдары мен әншілері өнер көрсетті.
Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесі экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайту идеясымен 2009 жылғы 3 қазан күні Нахичевани қаласында 4 мемлекеттің қол қоюымен құрылған болатын.
Ынтымақтастық басқосуына Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының Татарстан, Башқұртстан, Саха, Тыва Республикаларынан арнайы делегациялар келіп, достық өнерін тамашалады.  Бауырлас елдер бас қосқан мəдени кеште облыс əкімі Ж.Түймебаев жəне ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының ықылас гүлдері табысталды. Сонымен қатар, түркітілдес мемлекеттерден келген көркемөнер ұжымдары мен әншілер 1 қазан күні Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында Түркі әлемінің Ынтымақтастық күніне арналған мерекелік концертпен көпшілікті тəнті еткенін де айта кеткен жөн.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР