04-04-2022
21.3 C
Шымкент

Қарттар – біздің асыл қазынамыз

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген ұрпақтарына ізеттігін аямайтын, бір қауымға бас-көз бола білген қарттардың орны ерекше. Үлкенді сыйлау оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Олардың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдары біз үшін орны бөлек.
Еңбектерінің зейнетін көріп отырған шақта ұрпақтарына игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалықпаған қарттарымызға құрмет көрсету басты парызымыз.
Осы мақсатта 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ОҚО Арыс қала әкімі М.Қадырбек, қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, қалалық «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Исламбеков, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Т.Ағыбаев пен «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» КММ-нің басшысы Е.Сқақов тыл еңбеккерлері мен ардагер қариялар Т.Ысқабай, А.Кудрин, Н.Алтынбеков, К.Ибадуллаевтардың және мүмкіндігі шектеулі жандардың шаңырақтарында болып, ардагерлерді айтулы мерекемен құттықтап, хал-жағдайларын біліп, сый-сияпат жасады.  Қала басшысы ардагер қарттарға бүгінгі ұрпақтың еш алаңсыз өмір сүруі мен еліміздің бейбіт өмірде болуы, өсіп-өркендеуі барысында еткен еңбектеріне алғыс білдіріп, зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.
Ардагерлер қала басшысының мереке қарсаңында арнайы құттықтап келіп, жылы лебізі мен ыстық ықыласын білдіріп, көңілдеріне демеу болғанына ризашылық танытқан қариялар ізгі тілектерін айтып, еңбектеріне табыс тіледі.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР