test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

50 тонна жеміс жинамақ

Қазақстанда бірінші болып беже өндірісін қолға алған қазығұрттық шаруа қожалығы биыл 50 тонна жеміс жинамақ. Қазір онда 500 гектар интенсивті бақ бар. Одан алынған өнімдердің жартысы Ресейге экспортталады. Тұрқы онша биік емес ағаштар жеміске толып тұр. Олардың әрқайсысында 20 килограмм беке бар. Бұл – бірінші өнім. Бір аптадан кейін жемісті жинау басталады. «Шамамен 50 тонна өнім аламыз», – дейді бағбандар. Нұрлан Құралов, шаруашылық жетекшісі: – Енді бұл айваның керемет қасиеті — ауруға өте төзімді және сақтауға өте қолайлы. Оңтүстік Қазақстанда өсірілген жемістің алғашқы дәмін астаналықтар татады. Осындағы супермаркеттерге бежемен бірге алма, алмұрт, жүзім де келеді. Келісімдер алдын ала жасалынып қойған. Шаруашылық биыл 2 мың тонна экологиялық таза өнім жинады. Жартысын Ресейге сатыпты. Келер жылы бұдан да көп өнім алу көзделген. Көктем шыға 200 гектар алқапқа жаңғақ егіледі. Оны да тамшылатып суару арқылы баптайды. Бирол Қарабулат, шаруашылықтың бас агрономы: – Біздің өз тәлімбағымыз бар. Жаңғақ пен 15 түрлі алма сұрпын және жүзім өсіреміз. Біз оларды Еуропадан, Италия, Түркия, Голландия мемлекеттерінен әкелдік. Жергілікті табиғатқа жақсы үйренді. Жергілікті тұрғындар оны ықыласпен сатып алады. Келешекте жемістерді өңдейтін цех ашу жоспарда бар. Оларды сақтау мәселесі де шешілген. 2 мың тонналық қойма салынды. Сондықтан жаңа өнімдер жыл бойы осында тұратын болады.

Авторлары: Тілеуқабыл Мыңжасар, 24.kz

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР