04-05-2022
22.3 C
Шымкент

Рухани келісім — татулықтың тірегі

 

ОҚО Отырар ауданында 18-қазан рухани келісім күніне орай мерекелік шара болып өтті. Ардагерлер, дін, ҮЕҰ, БАҚ, жастар өкілдері мен ұстаздар қауымы қатысқан шараға аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш арнайы келіп, аудан әкімі Ерлан Айтахановтың арнайы құттықтауын жеткізді.
Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы көтерілген латын қаріпіне көшу, «100 кітап», «100 жаңа есім», «Прагматизм» секілді мәселелерге кеңінен тоқталып, ұлттық құндылықтарымызды жан-жақты насихаттаудың маңыздылығы жөнінде баяндама жасады.
Ал, ауданның бас имамы Серік Биімбетов Ұлт Көшбасшысының бағдарламалық мақаласында айтылған ысырапшылдыққа, даңғойлық пен мақтангершілікке жол бермеу бағытында сөз сөйледі. Сонымен қатар, ауданның рухани басшысы дінаралық түсіністік пен татулық болған жерде ғана бейбітшілік, береке болатындығын нақты мысалдармен келтіріп, Елбасымыздың сындарлы саясатын қолдауға шақырды.
Шараны қортындылаған аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Салхутдинұлы еліміздегі ұлтаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыруда еңбек сіңіріп жүрген бір топ азаматтарға арнайы Алғыс хат табыстап, сый сияпаттар ұсынды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР