test
14-07-2024
31.3 C
Шымкент

Теріскейде тегін такси

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс», – деп атап көрсеткен болатын. Осы жолдауды негіз еткен «АСАР» Оңтүстік Қазақстан мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Созақ аудандық филиалы теріскейде жарым жандарды тасымалдайтын инватакси қызметін бір жылдан бері ұсынып келеді.       Инватакси теріскейде 1 жылдан бері тұрақты жұмыс жасап келеді. Қызметтер көрсету белгіленген объектілердің және пункттердің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады. Инватакси қызметі І топтағы, бала жастан мүмкіндігі шектеулі, жүріп-тұруы қиын, арбада отыратын жандарға өте тиімді. Оларды жұмыс орнына, білім ошағына,медициналық мекемелер, автовокзал, сондай- ақ, арнайы мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелер бағыттары бойынша қызметін ұсынуда.  Біржан Саржанов -«Асар» Оңтүстік қазақстан мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:- Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында Созақ ауданында инватакси 2016 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс жасап келеді. Қазіргі таңда күніне 15 мүмкіндігі шектеулі жанға қызмет көрсетеді. Мұнда 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Қазіргі таңда аудан әкімінің бастамасымен мүгедектер қоғамына берілген ғимараттан 2 бөлме беріліп, жұмыс жолға қойылды. Атап айтсақ, өтініш жазып, құжат өткізген мүмкіндігі шектеулі І топтағы азаматтар саны 15-ке жуықтады. Олар аталмыш қызметті бір күн бұрын тапсырыс беріп, жоғарыда аталған бағыттар бойынша күніне бірнеше рет пайдалана алады. Тіркелген азаматтардың көрсеткен  бағыттары бойынша арнайы жол парағы толтырылып, инватакси қызметін пайдаланғаны жайында дәлелдеме ретінде қол қояды.

Боранбай Бохаев – 1-топтағы мүгедек:- Бұл қызметті пайдаланып келеміз. Баратын жерімізге тез барамыз. Осындай жағдай жасаған басшыларға рахмет.

Құрмаш –Дүйсебаев – 1-топтағы мүгедек:- Инватакси арқылы емханаға, өзімізге қажетті жерге барып тұрамыз. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Осы қызмет арқылы  мүмкіндігі шектеулі 5 азамат жұмыспен қамтамасыз етілді. Атап айтсақ, инватакси қызметінің жауапты жетекшісі, 2 диспетчер, автокөлік жүргізушісі және еден жуушы қызмет етеді. Аудан басшылығы тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға деген қамқорлығының бір парасы осындай. Олар қай кезде, қай жаққа барамын десе де көлігі дайын.

Жандар Бақбергенұлы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР